Жобаның мақсаты
Қазақстан Республикасының аумағында ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (бұдан әрі – ҒНСЖ) ақпаратының тұтынушылары сапалы координаттық-уақытша және навигациялық қызметтерді кепілді алу үшін жағдайлар жасау.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай навигациялық өріс құруға бағытталған.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №721 қаулысымен ҚР аумағында спутниктік навигациялық қызметтер көрсету міндеттерін іске асыру үшін «ҚҒС» ҰК» АҚ жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалды.
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасын іске асыру мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
· жерүсті инфрақұрылымын құру және тұтынушыларға түзетуші ақпаратты жеткізу, оны пайдалану жүйе тұтынушыларына координаттық анықтамалардың дәлдігін талап етілетін деңгейге дейін арттыруды қамтамасыз етеді;
· тұтынушыларды жұмысындағы бұзушылықтар туралы уақытында ескерту мақсатында ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелер мониторингі;
. спутниктік навигациялық аппаратураны сертификаттау, сынау, салыстырып тексеру, сондай-ақ өлшеулер жасау әдістерін атестаттау;
· навигациялық жүйелерді дамыту және әлемдік навигациялық қызметтер нарығында олардың бәсекеге қабілеттелегін қамтамасыз ету мақсатында навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісін құру.
Іске асыру кезеңі 2008 – 2015 жылдар
Жобаны іске асыруды ҚҒС Жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің орталығы (ҚР ЖСНЖ жобасының командасы) қамтамасыз етеді
Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесін қолданудың негізгі салалары:
· картаға дәл түсіру және геодезия;
· жерге орналастыру және кадастр;
· ауыл шаруашылығы;
· ауа райын талғамайтын жоғарыдәлдікті навигация;
· құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету;
· қозғалысты басқару жүйесі және бағдарларды оңтайландыру;
· көпірлерге, дамбаларға, ғимараттарға, бөгеттерге және басқа пішінінің өзгеруін бақылауды талап ететін құрылымдарға мониторинг жүргізу;
· рельс жолдары пішімінің өзгеруін есепке алу жүйесі (жол геометриясын толық өлшеу мүмкіндігі үшін толықтырулар қажет);
· жер қыртысы пішімінің өзгеруін белгілеу;
· жер астындағы коммуникациялар желілерін салу;
· геоақпараттық жүйелер мен технологиялардың көмегімен электр беру желілерінің, мұнай/газ құбырларының трассаларын белгілеу ;
· геологиялық барлау жұмыстары, геологиялық зерттемелер мен шурфтарды байланыстыру;
· ұлттық қауіпсіздік және т.б.
Тұтынушылар:
· Мемлекеттік құрылымдар;
· Ғылыми мекемелер;
· Коммерциялық ұйымдар.
Ағымдағы жағдай.
Дифференциалды түзету және мониторинг орталығы.
Дифференциалды түзету және мониторинг орталығы пайдалануға берілді.
Дифференциалдық стансалар желісі
ҚР барлық аумағында жұмыс істейтін 60 дифференциалды стансадан желі құрылды және жұмыс істейді.
· Пайдалануға беру 2014 жыл
· 60 дифференциалдық станса
· 2 ұтқыр дифференциалды станса
Координаттардың алынатын дәлдігі
· DGPS сервис 1 м нақты уақыт масштабында ҚР аумағының 94 %
· RTK сервис 2 см нақты уақыт масштабында ҚР аумағының 18 %
· РР сервис < 1 см өңдеуден кейінгі режимде
Жазылу бағасы
Жылдық - 270 мың теңге Ай сайын - 25 мың теңге
Біздің қызметтерімізді пайдалану артықшылықтары
еңбек өнімділігін 2-есе арттыру
жұмыс жүргізу уақытын 4 есе үнемдеу
Теңіз жергілікті дифференциалдық станса
Каспий теңізінің жағалауында порт (гавань) акваториясында жетеберіс жерде және маневрлер кезінде кемелердің қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Теңіз жергілікті дифференциалдық станса орнатылды. ТЖДС пайдалануға берілді және штаттық режимде жұмыс істейді.
Пайдалануға беру 2014 жыл. Әрекет ету радиусы - 300 км.
теңізде координаттарды анықтау дәлдігі 2 м
жағалық аймақта координаттарды анықтау дәлдігі1 м
Жазылу бағасы
Жылдық - 240 мың теңге Ай сайын - 25 мың теңге
Спутниктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау зертханасы
Сәйкестікті бағалау зертханасы құрылды. Зертхана жабдығының техникалық мүмкіндіктері навигациялық аппаратураның навигациялық және жиілік-уақытша сипаттамаларын салыстырып тексеруге мүмкіндік береді. Зертхананы аккредиттеу 2015 жылғы 2-тоқсанға жоспарланды.
Ұтқыр дифференциалды станса
ҚР ЖСНЖ дифференциалды стансалардың іс-қимыл аймағымен қамтылмаған өңірлерде тұтынушыларды координаттық-уақытша және навигациялық қамтамасыз ету үшін жабдығы ұтқыр тұғырнамада (автомашинада) орнатылған ұтқыр дифференциалды станса жұмыс істейді
Кеңістіктік-ұзына бойлы нысандар мониторингі жүйесі (КҰБНМЖ)
Кеңістіктік-ұзына бойлы нысандар мониторингі жүйесін құру жұмыстары аяқталуда. Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ Астана қаласы Алаш тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль көпірінің кеңістіктегі жағдайына, пішінінің серпінді және серпімсіз өзгерістеріне, сондай-ақ элементтерінің салыстырмалы жылжуына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
|
КҰБНМЖ пішін өзгерістерініңе және жылжудың автоматтандырылған мониторингіне арналған: • гидротехникалық құрылыстар (дамбалар, бөгеттер); • көпірлер, автожол эстакадалар; • биік ғимараттар мен құрылыстар; • мұнай тұғырнамалары мен жабдықтар; • тау-кен орындарын игеру кезінде.
|
![]() |
Жүйе мынадай негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді: • жайғасымдық өзгерістер арқылы объектінің тұрақтылығы мониторингі; • жайғасымдық өзгерістермен қатар жел және температуралық жүктемелерді, сондай-ақ құрылманың сыртқы әсерлер байланыстылығын анықтау үшін тіркеу; • нақты уақыт режимінде объектінің және оның элементтерінің маңызды параметрлері туралы ақпарат алу; • осы көпір құрылыстың өзгерістері мен жағдайы туралы ақпарат жинау. |
Навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісі
Навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісін құру жұмыстары жалғасуда. Сериялық өндірісті бастау 2015 жылдың 2 жарты жылына жоспарлануда.
Шығарылатын өнімнің түрлері: • ДС – ГЛОНАСС/GPS базалық стансасы • Роверлер – геодезиялық сыныпты дәлдігі жоғары тұтынушының навигациялық аппаратурасы (ТНА) • ТАНС – көлік құралдарының мониторингі жүйесінде және апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесінде қолдануға арналған тұтынушының навигациялық аппаратурасы GPS-ГЛОНАСС (ЭРА-ГЛОНАСС ресейлік жүйеге ұқсас қазақстандық жүйе) • ТНА –жалпы мақсаттағы ГЛОНАСС-GPS
|
Артықшылықтар • Жоғары қазақстандық қамту • Ұқсастардың бағасы 30% төмен • Отандық зерттемелердің болуы • Роверлер жұмысына арналған ДС меншікті желісі • Астанадағы жалғыз өндіріс
Өндіріс қуаты, жылына/дана 100 дейін – ДС 200 дейін – Роверлер 1000 дейін – ТНА-ЭВАК және жалпы мақсаттағы |
ҚР ЖСНЖ қызметтері
р/р |
Қызметтер атауы |
1 |
ГНЖЖ сигналдарына түзетуші ақпарат (ТА) беру. |
1.1 |
DGPS (метрлік дәлдік) режимінде ТА беру. |
1.2 |
RTK (сантиметрлік дәлдік) режимінде ТА беру. |
1.3 |
РР (өңдеуден кейін) (миллиметрлік дәлдік) режимінде ТА беру. |
1.4 |
Ұтқыр ДС (ҰДС) пайдаланумен RTK, DGPS және РР режимінде ТА беру. |
1.5 |
Теңіз жергілікті ДС-тен (ТЖДС) DGPS (метрлік дәолік) режимінде ТА беру. |
2 |
Жылжымалы объектілер (көлік құралдары) мониторингі және бақылап басқару. |
3 |
Кеңістіктік-ұзына бойлы нысандар мониторингі (көпірлердің, дамбалардың, бөгеттердің, биік ғимараттар мен құрылыстардың және т.б. пішімін өзгертудің мониторингі). |
4 |
Спутниктік навигациялық аппаратураны (СНА) сынау және салыстырып тексеру. |
4.1 |
СНА сынау. |
4.2 |
СНА салыстырып тексеру. |
5 |
Спутниктік және навигациялық технологиялар негізіндегі геодезиялық жұмыстар |
5.1 |
WGS-84-тен басқа координаттар жүйесіне қайта есептеу параметрлерін беру. |
5.2 |
WGS-84-тен басқа координаттар жүйесіне бір нүктенің координаттарын қайта есептеу. |
6 |
Топографиялық-геодезиялық қызметтер. |