«Ғарыш қызметі» ТК 66 Стандарттау жөніндегі техникалық комитет
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен консультативтік-кеңестік орган - «Ғарыш қызметі» ТК 66 стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды (бұдан әрі – ТК 66).
ТК 66 өз қызметін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі №42 бұйрығымен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, оның жұмысы мен тарату қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
ТК 66 қызметінің негізгі бағыттары:
· ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу мемлекеттік жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
· техникалық реттеу саласындағы норматвтік құқықтық актілерді, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және оларға өзгерістерді ҚР СТ 1.2, ҚР СТ 1.23, ҚР СТ 5.1, ҚР СТ 1.9; сәйкес әзірлеуге және сараптауға қатысу;
· техникалық реттеу және мемлекеттік стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі техникалық реттеу мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларын ұсыныстар дайындау;
· ТК 66 бекітілген ұйымдардың стандарттарын, Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу, қарау, келісу;
· қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістер дайындау;
· техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі техникалық реттеу мемлекетік жүйесін дамыту бағарламаларына ұсыныстар дайындау;
· ұйым стандарттарын, ТК 66 бекітілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу, қарау, келісу;
· қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістерді дайындау;
· ТК 66 бекітілген объектілерге республикада қолданылатын нормативтік құжаттардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
· республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды халықаралық, мемлекетаралық, өңірлік пен ұлттық стандарттармен және шет елдердің стандарттау жөніндегі құжаттарымен сәйкестендіру және үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындау және жұмыс жүргізу;
· ТК 66 бекітілген объектілерді бойынша техникалық деңгейді және қол жеткізген деңгейді бағалау.
2012 жыл
2012-2014 жылдардағы Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламаны орындау шеңберінде ТК66 «Интернавигация» Заманауи навигациялық технологиялар ғылыми-техникалық орталығы» ААҚ базасындағы «Радионавигация» ХТК 522 Мемлекетаралық техникалық комитет құрамына кірді.
Астана қаласында 2012 жылғы 9-20 қыркүйек аралығында өткен «Зымыран және зымыран-ғарыштық техникасы» ТК 321 Ресей Федерациясының ұлттық техникалық комитеттері, Украинаның «Зымыран және зымыран-ғарыштық техникасы» ТК 117 , Беларусь Республикасының «Ғарыштық жүйелер мен технологиялар ТК 29 және Қазақстан Республикасының «Ғарыш қызметі» ТК 66 өкілдерінің жұмыс кездесуінде ТК 66 базасында Мемлекетаралық техникалық комитет құру бастамашылығы қабылданды.
2013 жыл
Стандарттау, метрология және сетификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2013 жылғы 6-7 маусымдағы № 43-2013 хаттамасына сәйкес ТК 66 секретариаты базасында «Ғарыштық жүйелер мен қызмет» ХТК 535 құрылды. ХТК 535 төрағасы болып Марат Рахмалиұлы Нұрғожин тағайындалды. Ответственным секретарем МТК 535 жауапты хатшысы болып Рүстембек Сайлаубекұлы Қонақбаев тағайындалды.
ТК 66 «Электромагниттік техникалық құралдар үйлесімділігі. Теңіз навигациясы мен радиобайланыс жабдықтары мен жүйелері. Талаптар мен сынау әдістері» ГОСТ 32174–2013 мемлекетаралық стандарт дайындалды.
2013 жылғы 22-23 қазанда Беларусьте Гродно қаласында ХТК 535 төрағасы халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар шеңберінде Стандарттау бойынша ғылыми-техникалық комиссияның 46-шы отырысының жұмысына қатысты.
2014 жыл
Германияда 2014 жылғы қазан айында өткен ИСО/ТК 20 «Авиация және ғарыш аппараттары» пленарлы отырысына қатысты.
ЖҚЗ ҒЖ жобасын іске асыру үшін алғаш рет географиялық ақпарат саласында 5 стандарт әзірленді және бекітілді.
ASTM International (Матералдарды сынау бойынша америкалық институт) стандарттарын қолдану мақсатында Сату және маркетинг жөніндегі вице-президенттің кеңесшісі Джеймс Томас басшылық еткен ASTM International мен ТК 66 өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Америкалық әріптестермен ASTM нормативтік құжаттарымен танысу кезеңін және ҚР ғарыш қызметіне қызығушылық туғызатын стандарттар тізбесін ұсыну туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.