Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

04.12.2018
SpaceX2 қазақстандық жерсерікті үшырды
Бүгін, 2018 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 00:32-де ғылыми-технологиялық мақсаттағы (ҒТМ ҒЖ) екі қазақстандық ғарыш аппараты –«KazSTSat» шағын жерсерігі мен «KazSciSat-1» наножерсерігі «Falcon 9» зымыран-тасығышпен Вандерберг (Калифорния, АҚШ) ғарыш айлағынан ұшырылды. Іске қосу штаттық режимде өтті.

Жобаның мақсаты – төменгі орбиталы ғарыш аппараттарының жобалау, құрастыру және сынау технологияларын пысықтау, Жер ионосферасының ғылыми  зерттеулерін жүргізу, меншікті зерттемелер кіші жүйелерінің ұшу тарихын алу үшін ғылыми-технологиялық мақсаттағы (ҒТМ ҒЖ) ғарыш жүйесін құру. Жобаны іске асыру нәтижесінде кейін ғарыштық жүйелер құру жобаларын іскен асыру кезінде қазақстандық қамту арттырылады.


Жоба шеңберінде алынған зерттемелер Қазақстанда болашақ жерсеріктерді құру құнын төмендетуге және шетелдік тапсырыс берушілер үшін ғарыштық жүйелерді өндіру кезінде қазақстандық қамтуды төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Алғашқы рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ«Ғалам» ЖШС және ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының Ғарыштық техника мен технологиялар институтының қазақстандық мамандары қатысты

 «Ғалам» ЖШС инженерлері а.ж. 23 қазаннан бастап Surrey Satellite Technologies Limited (Ұлыбритания) «Spaceflight» және  «SpaceX» компанияларындағы өзінің әріптестерімен бірлесіп ЗТ ғарыштық бас бөлігінің модуліне жерсеріктерді орнатты .

Бұл қазіргі ғарыштық технологиялар трансфертіне барлық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді. Ғарыштық аппараттар тобымен  Falkon 9 зымыран-тасығышты ұшыру Spase X-те тікелей эфирде көрсетілді.  Калифорниядағы  Ванденберг базасындағы бақылаушылар және  миллиондаған көрермендер Falkon 9 зымыран-тасығыштың бірінші сатысының, үшінші рет пайдаланылған  жүзбе платформаға қайтарылғанын тікелей эфирде көрді.


Ұшыру бейнебаянын мынадай: 
https://www.spacex.com/webcast сілтемеден көруге болады

 


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат