Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

01.11.2018
2018 жылы 1 қарашада MEGA Silk Way СОО «Қазақстан ғарыш жолы» миникөрменің ашылуы өтті.

Астана қаласының әкімі Бақыт Тұрлыханұлы Султановтың бастамасымен  MEGA Silk Way СОО-да «Қазақстан ғарыш жолы» миникөрменің ашылуын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 

Көрменің мақсаты Қазақстанның ғарыш қызметін, отандық ғарышнаманың жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарларды көпшілікке тарату, сондай-ақ қазіргі ғарыштық технологиялар қызметтеріне халықтың қызығушылығын ынталандыру. 

Ашу рәсімінде Астана қаласы әкімінің өкілдері, бас қала әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев, Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов, ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, ҚР ӘӘК генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Рахмалиұлы Нұрғожин, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы Айдын Ақанұлы Айымбетов сөз сөйледі. 

«Ғарыш кеңістігін игеру және ғарыштық технологияларды дамыту – бұл қазіргі әлемдегі ғарыштық-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі екені белгілі. Ғарыш қызметін дамыту кез келген қазіргі мемлекеттің саяси имиджін, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс күш-қуатын едәуір айқындайтыны құпия емес» - деді ҚР ҚАӨМ вице-министрі өз сөзінде. 

«Ғарыш – бұл тек ұлттық бедел ғана емес. Бұл озат технологиялар, Қазақстан экономикасы мен қауіпсіздігінің бәсекеге қабілеттілік негізі, республикамыздың табысының қосылғыштары, әлемнің жоғары дамыған мемлекеттерінің клубына қазақстандық жол. Бұл көрме біздің мемлекетіміз ғарыш саласын дамыту үшін қандай жол өткенін, сендер біздің ісімізді лайықты жалғастыра алу үшін  сендерге, өсіп келе жатқан ұрпаққа арналған»- деп атап өтті өз сөзінде ғарышкер Тоқтар Әубәкіров. 

Сөз сөйлеушілер Астана қ. әкімдігіне, жеке Астана қ. әкімі Б.Т.Сұлтановқа осындай ерекше көрме өткізу бастамасы үшін, сондай-ақ MEGA Silk Way СОО басшылығына ғарыштық миникөрме орналастыру үшін алаң бергені үшін алғысын айтты. 

Сөз сөйлеу соңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері  MEGA Silk Way СОО басшысына Астана қ. «ЭКСПО» көрме кешеніңің жанында орналасқан MEGA Silk Way СОО ғарыштық түсірілімін табыс етті. 

Миникөрмеде әртүрлі ерекше заттар орналастырылған. Бұл Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы, ӘӘК генерал-майоры Айдын Айымбетов жерге қонған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің жерге қону аппараты, ғарышкер Айдын Айымбетовтың  скафандыры,  KazEOSat -1 және KazEOSat -2 Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің макеттері. 

Сондай-ақ, экспозицияда келушілердің назарына Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы ақпараттық стендтер ұсынылды. 

Көрме 2018 жылдың 1 қарашасынан 31 наурызына дейін өтеді. 

Осы кезең ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің қызметтері мен өнімдері бойынша таныстыру акцияларын өткізуді жоспарлап отыр.

2B5A1855.JPG

2B5A1843.JPG

2B5A1850.JPG

2B5A1823.JPG

2B5A1803.JPG

2B5A1920.JPG


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат