Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

24.10.2018
Қазақстан мен Өзбекстан ғарыш саласындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

2018 жылдың 19-21 қазаны аралығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы» АҚ өкілдері Жерді қашықтықтан зондау жүйесінің мәліметтерін бірлесе қолдану туралы Меморандумға қол қою мақсатымен Өзбекстан Республикасына іссапармен барды. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының спутниктік геодезиялық желісін құру, мемлекеттік және жергілікті органдар үшін геопортал жасау мәселелері талқыланды. 

Қазақстандық делегацияны Компания вице-президенті Айдын Айымбетов бастап барды. Өзбекстан тарапынан кездесуге Өзбекстан Республикасының Жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр бойынша мемлекеттік комитеті өкілдері қатысты. 

Келіссөздер барысында Өзбекстан Республикасы аумағының «KAZAKH EXPORT» АҚ арқылы ғарыштық мониторингін қаржыландыру бойынша Жол картасы жобасы қарастырылды. 

Көрші мемлекетке қазақстандық орта қабілетті KazSeoSat – MR ғарыш аппаратын құрастыруға қатысу ұсынысы жасалды. Өз кезегінде Өзбекстан тарабы ЖҚЗ жүйесі мәліметтерін қолдану бойынша министрліктері мен еншілес ұйымдары үшін курстар мен семинарлар өткізуге ниет білдірді. 

Іссапар барысында ЖҚЗ жүйесі және жалпы аэроғарыш саласындағы серіктестік бойынша келісімдер жасалып, меморандумға қол қойылды. 

1.JPG

2.jpg

4.JPG

3.jpg
 


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат