Басшылар құрамы — gharysh.kz
ГлавнаяБіз туралы Басшылар құрамы

Басшылар құрамы

Айдын (3).jpg

Азамат Байқуанышұлы Батырқожа 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

1972 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі 25 жыл.

1993 жылы Кеңес Одағының Маршалы Н.И. Крылов атындағы Зымыран әскерлерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін бітірді, 1994 жылы Ф.Е. Дзержинский атындағы әскери академиясын бітірді, 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін бітірді.

1994 жылы еңбек жолын инженер ретінде бастаған, кейіннен жеке және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарында басшылық қызметтерді атқарды:

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі,

- ҚР БҒМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары,

- «Қазғарыш» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті 2006-2008 жылдар),

- ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы ғарыш саласының қалыптасуының ұйымдық-экономикалық аспектілері» тақырыбында диссертация (2010 жыл).

2018 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті болып тағайындалды, 2019 жылы 5 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына қайта сайланды.



Айдын (3).jpg

Айымбетов Айдын Ақанұлы

Басқарма төрағасының орынбасары - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарманың өндіріс жөніндегі мүшесі

1972 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі 26 жыл.

1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін бітірді, 2018 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірді.

1993 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет етті, ол ұшақтың 4 түрін игерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27), 470-тен астам сағат ұшуы бар.

2003 жылдан 2009 жылға дейін - Ю.А. Гагарин атындағы  "Звездный городок" атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық дайындық.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық қызметтерді атқарды:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі,

- ҚР ҰҒА ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры,

- У.М. Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер институты» ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары,

- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары.

2012 жылдың көктемінен бастап Астана қ. Оқушылар сарайында «3D үлгілеу» үйірмесіне басшылық етті, Жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді.

2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ғарышқа ұшты.

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (12.10.2012), "Халық Қаһарманы" атағына (14.10.2015) және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болды (14.10.2015), "Отан" орденінің кавалері (14.10.2015).

2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды, 2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың өндіріс жөніндегі мүшесі лауазымына қайта сайланды. 



cea5d9a20a74e011687807be9f989f6c.jpg

Абдразаков Рашит Ахметович

Басқарма төрағасының орынбасары - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарманың құрылыс және пайдалану жөніндегі мүшесі
1960 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі 37 жыл.

1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірді.

1982 жылы еңбек жолын Жамбыл металл конструкциясы зауытының инженер-конструкторы ретінде бастаған, Ангрен картон-тар комбинатының құрылысында жұмыс істеген. Алдағы уақытта «Астанаэнергосервис», «Ғаламдық технологиялар» ЖШС, «НТЦ Новые проекты» ЖШС, «Қазавиализинг» АҚ сияқты кәсіпорындарда басшылық қызмет атқарды.

2009 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жұмыс істей бастады: өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, күрделі құрылыс департаментінің директоры, жобалау офисінің басшысы, «Ғалам» ЖШС Бірлескен қазақстан-француз кәсіпорнының «Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» (ҒТ АКТБ) жобасы бойынша басшысы.

2016 жылдың тамызынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ҰҒО Құрылыс және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды, 2019 жылдың 26 ​​ақпанында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың құрылыс және пайдалану жөніндегі мүшесі лауазымына қайта сайланды.


Айберген.jpg

Русланұлы Айберген

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың даму жөніндегі мүшесі

1985 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі 11 жыл.

2007 жылы Мәскеу қаласындағы Н.Е. Жуковский атындағы Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді. 

2010 жылы С.П. Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетінде кәсіби қайта даярлықтан өтті.

2008 жылы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ғарыш қызметін дамыту стратегиясы басқармасының  жетекші маманы ретінде бастаған, бұдан әрі жұмысын ғарыш саласында жалғастырды:

- «Бәйтерек» Бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны» АҚ ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы,

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаментінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы басқармасының бастығы,

- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жобалау офисінің басшысы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Келешегі бар жобалар орталығының директоры,

- «Ғалам» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 

«Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР ҚАӨМ ведомстволық медалімен марапатталған (2018 жылғы  желтоқсан).

2019 жылдың ақпан айынан бастап – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың даму жөніндегі мүшесі лауазымына тағайындалды.



Ербол Оспанов.jpg

Оспанов Ербол Аманжолұлы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі – Қаржы директоры

1981 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі 15 жыл.

2003 жылы Астана қ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді, 2006 жылы Астана қ. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бітірді.

2005 жылы еңбек жолын «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымында пайдалану көрсеткіштері және бюджеттік бақылау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған, алдағы уақытта ол жерде басшылық қызметтерді атқарған.

2007 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жұмыс жасай бастады – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қаржы және экономика департаментінің директоры, Экономика және қаржы вице-президенті.

2015 жылғы наурыздан бастап – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қаржы директоры болып тағайындалды, 2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі - қаржы директоры лауазымына қайта сайланды. 






Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат