Қоғамның қызметі мен бағыты — gharysh.kz
ГлавнаяБіз туралы Қоғамның қызметі мен бағыты

Қоғамның қызметі мен бағыты

Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазғарыш ұлттық компаниясы» 2005 жылғы 17 наурызда құрылды.
2007 жылғы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып атын өзгерттті.
 Компания қызметінің негізгі бағыттары:

· Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

· Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған ғарыштық технологияларды енгізу;

· Ғарыш жүйелері мен кешендерін құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Компанияның миссиясы - Қазақстан мүддесі үшін бәсекеге қабілетті ғарыштық технологияларды, өнімдер мен қызметтерді енгізу.

Компанияның пайымдауы - 2020 жылға қарай жоғары технологиялық, серпінді дамып келе жатқан, бәсекеге қабiлеттi ғарыш жүйелерiн дербес жобалауға, жасауға және пайдалануға әрi өңiрлiк және дүниежүзiлiк нарықтарда талап етiлетiн сапалы қызметтер көрсетуге қабiлеттi Компания (оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарын қоса алғанда).

 Компания басқарушы ұйым ретiнде тапсырыстар тартуды және оларды өнiм бағыттары мен мынадай:

1.   ғарыш аппараттары мен ғарыш техникасының құрамдауыштарын жобалау, құрастыру және сынау;

2.   ЖҚЗ пайдалану және ЖҚЗ деректерін ұсыну;

3.  дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын пайдалану, навигациялық қызметтерді ұсыну атқарымдары бойынша құрылған еншiлес кәсiпорындарға және тәуелдi ұйымдарға бөлудi қамтамасыз етедi.

Ғарыш қызметі өндірістің ерекше сапалы деңгейін талап етеді, сондықтан ол озық технологиялар мен шешімдерге бағытталған. Компанияның сапа менеджменті жүйесі халықаралық және қазақстандық стандарттың (ISO 9001 және СТ РК ИСО 9001) талаптарына сәйкестігіне сертификатталған.

2007 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ негізінде ТК 66  «Ғарыш қызметі» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті құрылды.

2008 жылдан бастап ТК 66 «Авиация және ғарыш аппараттары» ИСО/ТК 20 халықаралық техникалық комитетіне кірді.
Компания мемлекетпен және Airbus Defence & Space өзінің стратегиялық әріптесімен бірге "Галам" ЖШС тің құрылтайшысы болып табылады.




Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат